
15 сәуірде Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен «Altay Business» форумы өтті. Форум өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын талқылау үшін облыс кәсіпкерлерін біріктірді.
Форумның негізгі мақсаты – табысты тәжірибелерді көрсету арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізуді ынталандыру.
Форум аясында облыстың әлеуметтік осал топтары өкілдері жүзеге асырып жатқан мемлекеттік грант алушылардың қолданыстағы жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1205556?lang=kk

Жауап қалдыру