Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 1-тоқсандағы жұмысы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында жүзеге асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады:

жүзеге асыру функциялары – өз құзыреті шегінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру (республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

бақылау функциялары – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Мәселен, 2026 жылдың I тоқсанында 18 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 35144 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 23781 қызмет алушыға жаңадан тағайындау жүргізілді (барлық мемлекет қызмет электрондық форматта көрсетіледі). Мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша 4949 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, МӘСҚ-нан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға (жұмыс ітейтін әйелдерге) бюджеттік субсидиялар тағайындау туралы  3851 шешім қабылданды (2025ж. I т.  – 4983).

Қайта қаралған зейнетақылар мен жәрдемақылар – 11 363 (2025ж. I т.  – 8927).

Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы бойынша 560  азамат қабылданды (2025ж. I т.  – 465).

369 азаматтың жазбаша өтініштері қаралды ( 2025ж. I т.384).

Сонымен қатар, 2026 жылдың  I тоқсанында Департамент мамандары 36 азаматтық іс және 5 әкімшілік іс бойынша сот процестеріне қатысты.

Мемлекеттік қызмет атауы

Жаңа тағайындау

Қайта қарастырылған істер

Жалпы саны

2025ж. I т  

1.   Жасына байланысты зейнетақы тағайындау

2821

1996

4817

4969

2.   Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

3161

1331

4492

4779

3.   Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы

924

2739

3663

3639

4.   Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау

204

824

1028

940

5.   №1 және №2 тізімдер бойынша арнайы жәрдемақы тағайындау

0

0

0

0

6.   Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

245

372

617

609

7.   Регрестік төлем тағайындау

0

0

0

0

8.   Баланың тууына және күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау

6300

29

6 329

5707

9.   Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, қорғанышына жәрдемақы тағайындау

481

1014

1495

1423

10.   Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау

1024

0

1024

964

11.  Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу

4949

0

4949

4662

12. Мемлекеттік кепілдік төлем

2390

0

2390

1464

13. Алтын алқа, Күміс алқа алқаларымен наградталған аналарға жәрдемақы тағайындау

137

83

220

175

14. Көпбалалы отбасыға берілетін  жәрдемақы тағайындау

823

2792

3615

3403

15. Бірінші топ мүгедектегі бар тұлғаға күтім жасайтын тұлғаға берілетін жәрдемақы тағайындау

196

181

377

316

16. Арнаулы кәсіптік жәрдемақы тағайындау

42

0

42

51

17. Семей полигонынын зардап шеккендерге арналған біржолғы төлем тағайындау

81

1

82

95

18. Саяси қуғынсүргін құрбандары берілетін біржолғы төлем тағайындау

3

1

4

37

 

23 781

11 363

35 144

33 233

Төлем тағайындаудың негізгі үлесі зейнетақы төлемдеріне тиесілі –       9 309 мемлекеттік қызмет (көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 26%).

Келесі саны бойынша көп мемлекеттік қызмет, балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау (1,5 жасқа дейінгі баланың күтіміне және  тууына байланысты) 6329, бұл жалпы тағайындалған төлемдердің 18% құрайды.

Есепті кезеңде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау 4691 қызмет алушыға жүргізілді (көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 13%).

Сондай-ақ, 1-тоқсанда төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға арналған және “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға арналған 3835 жәрдемақы тағайындалды, немесе барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 10%  құрады.

Сонымен бірге, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға арналған 1872 төлем тағайындалды (көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 5%).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1206154?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді