Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

✔️Президент екіжақты байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Басқарма төрағасына алғыс айтып, бірлескен бастамалар мен жобаларды қолдау жалғасатынына сенім білдірді.

✔️Катрина Клаас-Мюльхойзер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

✔️Әңгімелесу барысында сауда, инвестиция, өнеркәсіп бағыттарындағы ықпалдастықтың мүмкіндіктері мол екеніне назар аударылды.

✔️Екі елдің энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, логистика және су ресурстарын басқару сияқты салалардағы өзара кооперациясын күшейтуге мән берілді.

✔️Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катрина Клаас-Мюльхойзер алдағы уақытта өтетін С5+Германия форматындағы диалогтың күн тәртібін талқылап, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге уағдаласты.

 t.me/aqorda_resmi

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1207419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді