Абай облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін 42 рет бұзған құқық бұзушының жолын кесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

👮‍♂️Семей қаласында Глинки мен Спартак көшелерінің қиылысында Honda маркалы автокөлігі 26 жастағы жүргізушінің басқаруымен тоқтатылды. Тексеру барысында оның жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны анықталды.
Сондай-ақ жүргізушінің бұған дейін 42 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 1 200 000 теңгені құрады, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін көрсетеді.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес көлік құралы арнайы айыптұрағына қойылды.

✅Жалпы алғанда, полиция қызметкерлері «Қорғау» жүйесін тиімді пайдаланып, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын дер кезінде анықтап, кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Полиция қызметі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1208503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді