
2025 жылғы 8 қыркүйектегі ЖолдауындаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылішінде елді цифрлық даму бойынша көшбасшыларқатарына шығаруды мақсат етіп қойды. Биыл 6 қаңтарда 2026 жылды – Цифрландыру және жасандыинтеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қолқойылды.
Цифрландыру жылы аясында жаңа жобалар іскеқосыла бастады. Осылайша, Астанада «Alem.ai(http://alem.ai/) халықаралық жасанды интеллекторталығы» ашылды.
24 сәуірде Мемлекет басшысы орталыққа арнайыбарып, оған Presight компаниясының «Astana Smart City» жобасы – жаңа буындағы зияткерлік қалалықинфрақұрылымды құруға бағытталған ауқымдыбастама таныстырылды.
Сол күні Президент еліміздің 14 өңіріндегіTomorrow School жасанды интеллект мектептерініңжелісін іске қосты (2024 жылы Astana Hub базасындақұрылған) және жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығын ашты. Орталықта генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын әзірлеу, анимация, 3D-модельдеу, робототехника, графикалық және моушн-дизайн, веб-әзірлеу, киноөндіріс пен цифрлықмузыка сияқты 11 бағыт бойынша оқыту жүргізіледі.
Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «alem.ai battle» жасанды интеллект саласындағы ұлттықбайқаудың жеңімпаздарын марапаттады.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарына алтыноминация бойынша марапаттар табысталды: «AI Азаматтарға Қызмет», «AI Экономика», «AI Әлеуметтік Саясат», «AI Қауіпсіздік», «AI Өңір» мен«AI Квазисектор».
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевинтерактивті форматта «Болашақ ойындары – Астана2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақтыбастап, «Аlem.ai» естелік тақтайшасына қол қойды.
Қазақстан 4-ші дүниежүзілік өнеркәсіптікреволюция дәуірінде елді жаңғырту жолында дәйектіәрі тұрақты ілгерілеуді көрсетіп жатыр: инфрақұрылым мен заңдарды қалыптастыруданбастап, азаматтарды жаппай оқытуға дейін, жаңатехнологияларды жай ғана қолданумен шектелмей, болашақтың өз технологиялық базасынқалыптастыруда.
Елдің нәтижелері әлемдік цифрлық аренада дакөрініс табуда.
«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютері әлемдегі еңқуатты есептеу жүйелерінің TOP500 халықаралықрейтингіне (86-орын) енді. Government AI Readiness Index 2025 индексінде Қазақстан 195 елдің ішінде 60-орынға көтеріліп, бір жылда позициясын 16 тармаққажақсартты. БҰҰ-ның E-Government Development Index рейтингінде 193 елдің ішінде 24-орынды иеленді, ал теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерарасында бірінші орынға шықты. Сонымен қатар, 2025 жылғы қаңтарда Ookla компаниясыныңмобильді интернет жылдамдығы рейтингісіндеҚазақстан 8 позицияға көтеріліп, 49-орынға жайғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1208777?lang=kk

Жауап қалдыру