
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 14 мамырда сағат 10-00-де аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында (Ақмол ауылы) Целиноград аудандық мәслихатының кезекті алпыс жетінші сессиясы шақырылады.
Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі.
2. 2025 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-celinograd/press/news/details/1208836?lang=kk

Жауап қалдыру