Тексеріс барысында Алматыдағы көтерме базарда 9 делдал анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-Министр Олжас Бектенов тапсырмасына сай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімсіз делдалдарды жою мақсатында, биылғы жылдың 25 сәуірінде Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, Мемлекеттік кірістер департаментімен, Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен және қала аудандары әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, қаланың ең ірі көтерме базары «Барыс-4»-те кезекті мониторинг жүргізді.

Жүргізілген мониторинг аясында Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті базардағы көтерме саудамен айналысатын делдалдарды талдады. Кешенді іс-шаралар қорытындысы бойынша қазіргі уақытта 9 делдал анықталды.

Сонымен қатар, өңірлік комиссия аясында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты хронометраждық тексерулер жүргізуде.

Бұдан бөлек, Департамент тарапынан кәсіпкерлер мен сауда нарығының әкімшілігіне сауда заңнамасының талаптарын түсіндіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау, сондай-ақ тауарларды нақты рәсімделген және тұтынушыларға қолжетімді түрде орналастырылған баға белгілерімен сату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған мәселе тұрақты бақылауда, анықталған барлық делдалдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты материалдар өңірлік комиссия отырысында қарауға жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1209114?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді