Шахтинск қаласында «Кітап оқитын педагог» байқауының жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шахтинск қаласында «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық жобасы аясында педагогтер арасындағы қалалық байқау өз мәресіне жетті.

Байқаудың негізгі мақсаты — ұстаздардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту, оқырман мәдениетін қалыптастыру және шығармашыл, ізденімпаз педагогтердің тәжірибесін насихаттау.

«Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі».

Биылғы додаға қаламыздың білім беру ұйымдарынан барлығы 33 педагог қатысты:

  • Қазақ лигасы бойынша — 18 қатысушы;
  • Орыс лигасы бойынша — 15 қатысушы.

Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар тізімі:

🏆 Қазақ лигасы:

  • І орын: Баймурзаева Галина Бегимовна – №7 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
  • ІІ орын: Әсіл Аяжан Хамитқызы – №7 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
  • ІІІ орын: Жолшибекова Урхия Турганбековна – Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

🏆 Орыс лигасы:

  • І орын: Гутырко Татьяна Владимировна – Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының тарих мұғалімі;
  • ІІ орын: Савельева Юлия Борисовна – Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі;
  • ІІІ орын: Рогозина Надежда Валерьевна – №7 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

 

«Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы». Барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен оқырмандық ізденіс тілейміз.

#ШахтинскБілім #КітапОқитынҰлт #КітапОқитынПедагог #ҰстаздарМәртебесі #ОқырманМәдениеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1209203?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді