ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР – ТИІМДІ БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Aqtobe IT HUB және Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Шиповских Геннадий Геннадиевичтің қатысуымен Ақтөбе жастарына арналған мазмұнды кездесу өтті.

«Цифрлық шешімдер – тиімді басқару құралы» тақырыбында ұйымдастырылған бұл басқосу қоғамдағы цифрландыру үдерістерінің маңыздылығын айқындап, жастардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.

Кездесу барысында қала жастары өздерінің стартап жобаларын ұсынып, түрлі салалардағы тың идеяларымен бөлісті. Жобалардың жүзеге асу мүмкіндіктері талқыланып, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу өтті. Іс-шараға қаламыздың белсенді жастары қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, жастар бастамаларын қолдау және оларды жүзеге асыруға бағытталған мүмкіндіктер мен мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1209416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді