
23 сәуір 2026 жылы білім беру саласындағы жас маман басқарушылары мен оқу-тәрбие ісінің орынбасарларына арналған ауқымды инновациялық «Білімді көшбасшы — табысты мектеп кепілі»тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараның басты миссиясы — жас лидерлердің soft skills және hard skills дағдыларын «апгрейд» жасау, өзара нетворкинг орнату және тәжірибе алмасудың жаңа форматын қалыптастыру.Семинардың үйлестірушісі Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Маликова “Білім сапасын басқарудағы нормативтердің маңызы” тақырыбында баядама жасады .Алғашқы сөз кезегін білім бөлім басшысы Н.Азимбаев алып,жас мамандарға бағыт-бағдар беоді. Сондай-ақ білім бөлімінің бас маманы Р.Даниярова “Тиімді басшы – сапалы мемлекеттік қызмет: білім беру ұйымындағы жаңа көзқарас»тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың негізгі ерекшеліктері:
# Тәжірибелік алаң: «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервінің мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше шеберлік сыныптарын өткізді.
# Кейс-стади: Оқу-тәрбие орынбасарлары үшін мектеп өмірінде кездесетін шынайы жағдаяттар (real cases) талқыланып, тиімді шешімдер алгоритмі ұсынылды.
# Практикалық бағыт: Жас мамандар сабаққа қатысу және оны кәсіби деңгейде талдау әдістемесін меңгерді.
Жиынға 12 жас директор мен 33 оқу-тәрбие ісінің орынбасары қатысты. Тәжірибелі педагогтер мен жас басқарушылар арасындағы еркін диалог білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Семинарды Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Маликова қорытындылап, тәжірибе бөліскен әріптестерді арнайы сертификаттармен марапаттады.Білімді көшбасшы — табысты мектеп кепілі: Жас басқарушылардың шеберлігі шыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1209545?lang=kk

Жауап қалдыру