«QMA UZDIGI» АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 24 сәуір күні Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «QMA Uzdigi» турнирінің аймақтық кезеңі өткізілді.Турнирге Қызылорда, Жамбыл, Шымкент және Түркістан облыстары бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлері қатысты.Атап айтқанда, әр өңірдің жедел, тергеу және аналитикалық бөлімшелерінен 1 қызметкерден, жалпы 12 қатысушы кәсіби шеберліктерін сынады.  

Сайыс қорытындысы бойынша:  

-жедел қызметкерлер арасында   Түркістан облысы бойынша Экономикалық -тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Жанболат Тарапбай;

-тергеушілер арасында Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі  Қуаныш Ақыпбеков;

-аналитика бағыты бойынша  Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Жасұлан Құттыбек     жеңімпаз атанды. Турнир соңында барлық қатысушыларға естелікке сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1210234?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді