
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламановтың төрағалығымен жиын өтті. Онда басқарма мен ведомстволық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Жиында жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айнұр Еңсегенова және басқармаға қарасты мекеме басшылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1210223?lang=kk

Жауап қалдыру