Бүгін Сарыағаш ауданында Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасымен бекітілген «Түркістан облысының аумағында орналасқан дәріхананың фармацевтикалық қызметінің кәсіпкерлері үшін “дәрілік заттарды рецепт бойынша босату” мәселесі бойынша семинарлар өткізу кестесіне» сәйкес қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге “ОҚО Даму фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығының” директоры Х.Д.Альжанова, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы М.С.Темірбаева және “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Р.М.Абдуллаев және Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандарына қарасты кәсіпорын иелері қатысты.
Жиын барысында жауапты мамандар тарапынан жұмыс берушілердің міндеттері, сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі, сондай-ақ жазатайым жағдай орын алған кезде төленетін сақтандыру төлемдері туралы кеңінен түсіндірілді.
Жауап қалдыру