Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

             Бүгін, 2026 жылғы 28 сәуірде онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Пленарлық отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның Қоғамдық кеңестің өкілдері, БАҚ қатысты. 

            Депутаттар Қостанай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына,  Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамдарына барлық  ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Шешім жобалары аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында алдын ала қаралып, талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1210758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді