
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының @aqtobe_tilder мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Мәртөк ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда орналасқан жарнама, маңдайша, баннерлер мен хабарландыруларда жіберілген орфографиялық, грамматикалық және тілдік қателіктерге мониторинг жүргізілді.
Жоба жетекшісі — @islambolatovkz.
Қандай жұмыстар атқарылды?
- 38 кәсіпкерлік нысан қамтылды;
- 51 заңнама талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат анықталды;
- 14 бұзушылық сол жерде түзетілді;
- Қалған бұзушылықтар бойынша заң талаптары түсіндіріліп, түзетуге 1 апта мерзім берілді;
- Фото және бейнефиксация жасалды;
- Әдістемелік және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- Аудан аумағында жүйелі жұмыс ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді.
Мақсатымыз — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және сапалы көрнекі ақпарат кеңістігін қалыптастыру!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1210770?lang=kk

Жауап қалдыру