
Қызылорда облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Іс-шара барысында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 26 дерегі, қоғамдық орындарда тиісудің 15 дерегі бойынша тиісті шаралар қабылданды. Жаяу жүргіншілерге басымдық бермеудің 58 дерегі бойынша шара қолданылды. Сондай-ақ көлік құралын масаң күйде басқарған 3 жүргізуші, құжаттары және басқару құқығы жоқ 1 адам жауапқа тартылды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1211409?lang=kk

Жауап қалдыру