
🔸️2026 жылдың 23 сәуір күні Ойыл ауданының ТЖБ қызметкерлерімен жоспарға сәйкес өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамымен қызмет өткеру барысында өрт-техникалық жарақтарын пайдалану, сөндіру жұмыстарының тәсілдерін көрсетумен, техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде, алғашқы медициналық көмек түрлерін сондай-ақ профилактикалық жұмыстарын жүргізуде тұрғын үй секторын аралау барысында халыққа жеткізу қажетті қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын түсіндіре отырып теориялық сабағы жүргізілді. Одан әрі, Ойыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерінің ерікті өртке қарсы құрылымдардың мүшелерінің қатысуымен өрт қауіпті кезеңінде далалық өрттерді сөндіру бойынша машықтандыру жаттығу жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1211563?lang=kk

Жауап қалдыру