
Кездесу барысында мекеменің күнделікті қызметі үшін практикалық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістер туралы ақпарат беріп, олардың азаматтардың құқықтық мәртебесін нығайтудағы және теңдікті қамтамасыз етудегі маңызын түсіндірдім. Жаңартылған Негізгі заңның адам құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі ретіндегі рөлін ерекше атап өттім.
Адам құқықтары мәселелеріне айрықша назар аударылды. Қолданыстағы қорғау тетіктері, соның ішінде ұлттық құқық қорғау институттары туралы баяндадым. Осы ретте бостандық шектелген мекемелерде қатыгез қарым-қатынастың алдын алуға және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық превентивтік тетіктің (ҰПТ) қызметі туралы қосымша ақпарат беріп, оның азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктері жүйесіндегі маңызын атап өттім. Түзету үлгісіндегі мекемелерде тәрбиеленушілердің құқықтарын сақтау қажеттігіне ерекше тоқталдым.
Профилактикалық бағыт аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбы жан-жақты қарастырылды. Қолданыстағы заңнамалық нормалар мен жауапкершілік шараларын түсіндіріп, ықтимал тәуекелдерді анықтау және уақтылы әрекет ету алгоритмдерін белгіледім. Педагог қызметкерлердің балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі маңызды екенін атап өттім.
Кездесу соңында мектеп-интернаттың ағымдағы қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1211650?lang=kk

Жауап қалдыру