
Кездесу аясында оқушыларды мемлекеттік органның жұмысымен таныстырып, бөлімдер бойынша экскурсия өткізілді. Бұл Департамент қызметкерлерінің қызметін көрнекі түрде көруге және олардың жұмыс ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіруге ерекше назар аударылды: оқушыларға мемлекеттік құырылымның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін конституциялық өзгерістердің маңызы туралы айтылды.
Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1211718?lang=kk

Жауап қалдыру