Ақтөбеде мамыр айында кезең-кезеңімен 20 субұрқақ іске қосылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе субұрқақтар маусымына дайындалып жатыр. Биыл мамыр айында кезең-кезеңімен 20 субұрқақ іске қосылады.

🐳Мамырдың алғашқы күндері келесі фонтандар іске қосылады:
• Кереев скверіндегі;
• Темір жол басқармасының алдыңдағы;
• “Нұр Ғасыр” мешітінің алаңындағы;
• Taksim кафесінің жанындағы;
• Орталық стадионның алдындағы (арбат);
• “Ғашықтар” аллеясындағы;
• 12-шағын аудандағы Халық банкінің алаңындағы;
• облыстық сот алдындағы;
• 101-ші атқыштар бригадасы көшесіндегі;
• Әбілқайыр хан мен Ә.Молдағұлова даңғылдары қиылысындағы (“Визави” фонтаны);
• Жилгородоктағы (“Филармония” фонтаны).

🐳Одан кейінгі күндері келесі фонтандар іске қосылады:
• Орталық саябақтағы “Шаңырақ” күмбезі астындағы;
• “Авиатор” саябағындағы;
• “Шалқар” аллеясындағы;
• ⁠”Астана” саябағындағы;
• ⁠”Болашақ” шағын ауданындағы;
• ⁠Сазды өзеніндегі (“Керуен” сауда үйі жанында) қалқымалы субұрқақтар.

⛲️Ал Орталық саябақтағы лазерлік және отты элементтері бар музыкалық субұрқақ Қала күні қарсаңында жұмысын бастайтын болады.

📌Тағы бір жақсы жаңалық: Биыл мамыр айында қаламызда жаңа екі фонтан іске қосылады. Бірі – Тәуелсіздік даңғылы бойындағы желілік паркте ашылады. Екіншісі – Автовокзал алдындағы жаңа субұрқақ.

Сонымен қатар, Гуманитарлық колледж ауданындағы және Абай даңғылындағы субұрқақтар жөнделуде. Бұл екеуі кейінірек, жаз айларында іске қосылатын болады.

🐳Еске салсақ, 2024 жылы қалада бар болғаны 6 фонтан істеп тұрды. 2025 жылы істен шыққан көп фонтан жөнделіп, 18-і жаз бойы қосылып тұрды. Ал 2026 жылы 20 субұрқақ қала тұрғындарының көзқуанышына айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1211916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді