Төрағаның сәуір айы бойынша қабылдауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы, N2 сайлау округінің депутаты Сәкен Займолдин Ойыл ауданы әкімдігінің ғимаратында орналасқан аудандық мәслихаты аппараты мекемесінде тұрақты түрде сайлаушыларға қабылдау жүргізіп келеді.
Мәслихат төрағасымен әрбір тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, барлық сұрақтарға заңнамаға сәйкес жауап беріледі. Сәуір айы басталғалы тұрғындар тарапынан тұрғын үй (соның ішінде кезекке қою, тұрғын үй алуға ықпал ету, салынған тұрғын үйнің сапасыздығы, уақытша баспанадан көмек), демеушілік көрсету және т.с.с. мәселелер көтерілді.
Азаматтардың әрбір өтініші назарға алынып, заңдылығына сәйкес қарастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1212438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді