Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы облыстық форум

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 30 сәуірінде Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы облыстық форумға қатысты. Іс-шара облыс әкімі Құмар Ақсақалов төрағалығымен өтті .Іс-шараға «AMANAT» партиясының хатшысы Асылбек Данилов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева сондай-ақ МИБ мен ПИК төрағалары қатысты.

🔸Форум «TURĞYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында ұйымдастырылды. Ашық диалог форматында қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өзекті мәселелерін, соның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, тұрғындармен өзара іс-қимыл және МИБ мен ПИК одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

🔹Ерекше назар практикалық мәселелерге — коммуналдық төлемдерді есептеу, бірлестіктер қызметінің ашықтығын арттыру және саланы жетілдіруге аударылды. Кездесу барысында МИБ мен ПИК өкілдері өз ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін көтеріп, қолданыстағы заңнама мен ықтимал өзгерістер бойынша түсіндірмелер алды.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1213228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді