Жамбыл облысында полицейлер шетелдік студенттерге заң талаптарын түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында полицейлер шетелдік студенттерге заң талаптарын түсіндірді

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде шетелдік студенттердің қатысуымен көші-қон заңнамасын сақтау және діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті.

Жиын барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арай Аимбек шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болу тәртібі, тіркеу талаптары, заң бұзушылықтардың салдары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, кездесуде діни экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және жастар арасында дұрыс дүниетанымды қалыптастыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

Университет басшылығы өз тарапынан студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1213250?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді