Тәттімбет атындағы облыстық күй додасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасиетті Қарқаралы жерінде халқымыздың ұлы мұрасы – күй өнерін дәріптейтін Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы облыстық күй додасы өтті.

Күй – қазақтың жаны, тарихы мен тағдыры. Байқау ұлттық өнерді ұлықтап, жас орындаушылардың шеберлігін көрсетуге арналды.

Додаға Астана, Алматы, Семей, Баянауыл және Қарағанды облысынан 12 қатысушы қатысты.

Қазылар алқасы құрамында белгілі өнер қайраткерлері мен ұстаздар болды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде – Самарқан Жанбек (Қарағанды) – 1 000 000 теңге
І орын – Жақанов Нұрмұхамед (Қарағанды) – 500 000 теңге
ІІ орын – Куанышбай Аружан (Қарағанды) – 300 000 теңге
ІІІ орын – Мязов Нұрғиса (Астана) – 200 000 теңге
Арнайы дипломант – Армия Нұрсұлтан (Астана) – 100 000 теңге

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1213410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді