Көлік полицейлері Алматы-1 станциясында азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік фактілерінін жолын кесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері теміржол вокзалының аумағында 48 және 52 жастағы екі қала тұрғынын анықтады. Олар күту залында жолаушыларға сақтау камерасы қызметін пайдалануды ұсынып, адамдардың мазасын алып қолайсыздық туғызған.

Тексеру барысында аталған азаматтардың тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін олар бірден екі бап бойынша, яғни қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Айта кету керек, құқық бұзушылар дәл осындай әрекеттері үшін бұғын дейін де бір жыл ішінде жауапкершілікке тартылған. Бұл олардың заң талаптарын жүйелі түрде елемейтінін көрсетеді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментімен 34 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 2 678 қоғамдық орындарда тиісу фактісі, 2 405 алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу, 1 201 ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және 20 тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу деректері тіркелген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1214570?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді