
Ерғали Қадіржанұлы Шашаев 1970 жылы 16 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.
2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы «Гигант» шаруашылығында бастаған. Кеңес әскері қатарында қызметтен соң 1990 жылдан бастап 1996 жылға дейін әр түрлі салаларда еңбек еткен.
1996 жылдан бастап 2010 жылға дейін ішкі істер органдарында қызметте болған. 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін заңгерлік практикада, күзет қызметінде жұмыс жасаған.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас мамае қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 37 жыл.
Ерғали Қадіржанұлы – техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылауға жауапты, сыпайы, мемлекеттік тілдің жанашыры, өз ісіне тиянақты маман. Музыканы жаны сүйеді, гитарада ойнайды.
Осы жетістіктері үшін түрлі алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1215684?lang=kk

Жауап қалдыру