Тимирязев ауданында азаматтық қорғаныс және ТЖ саласындағы кешенді оқу-жаттығу жиыны өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 сәуірде басқарма қызметкерлері Тимирязев ауданында “басқару органдарының, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның ТЖ зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі іс-әрекеттері, сондай-ақ азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы” тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығуларға қатысты.

Оқу-жаттығу шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің және ерікті құралымдардың өзара іс-қимылының практикалық дағдылары пысықталды.

Облыстық және аудандық күштер мен құралдардың әрекет етуге дайындығын бағалауға, сондай-ақ құлақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін тексеруге ерекше назар аударылды.

Жалпы, жаттығулардың мақсаттары мен міндеттері орындалды, басқару органдары және тартылатын күштер қойылған міндеттерді шешуге дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/umptgo/press/news/details/1215436?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді