Абай облысының полицейлері жоғалған 11 және 4 жасар балаларды дер кезінде тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7 мамыр күні сағат 14:56 шамасында Жедел басқару орталығына Семей қаласындағы Қабанбай батыр көшесі бойындағы аулада ойнап жүрген екі кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Балалардың жастары 11 және 4-те болған.

👮‍♂️Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, іздестіру жұмыстары басталды. Жедел әрекет нәтижесінде балалар небәрі 5 минут ішінде Жамақаев көшесі бойынан табылып, аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Балаларды тапқаннан кейін олардың анасы:

“Балаларымды сол бір сәтте жоғалтып алғанымды ойласам, жүрегім дүрсілдейді. Полицейлердің жылдам әрекеті мен кәсіби жұмысы арқасында олар аман-есен табылды. Бұл үшін оларға шексіз алғыс айтамын,” – деді.

🚨Абай облысы Полиция департаменті барлық ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді және кез келген жағдайда тез арада жедел қызметтерге хабарласуды ұсынады. Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі – ең бірінші басты мәселе екенін атап өтіп, тұрғындарды ұдайы сақ болуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1217306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді