Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қала қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркітілдес мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті өтеді. Аталған маңызды халықаралық іс-шараға Түркі мемлекеттерінің жоғары деңгейдегі басшылары қатысып, өңірде саяси және дипломатиялық маңызы зор тарихи жиын ұйымдастырылады.
Осыған байланысты 2026 жылғы 10–15 мамыр аралығында Түркістан қаласының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, делегациялардың еркін қозғалысын ұйымдастыру және саммитті жоғары деңгейде өткізу мақсатында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Уақытша шаралар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңы, Жаңа қала аумағы, 9-шы көше, Саттарханов даңғылы, сондай-ақ қажеттілікке байланысты жекелеген көшелердің аумағын қамтиды.
Аталған аумақтарда қозғалыс тәртібі уақытша өзгертіліп, көлік ағынын реттеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады.
Қала аумағында жол қозғалысын реттеу үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау көзделуде.
Осы кезеңде қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізіліп отырған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Бұл шаралар Түркістан қаласында өтетін халықаралық деңгейдегі маңызды саммиттің қауіпсіз, ұйымдасқан әрі жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1219107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді