
2026 жылғы 9 мамыр күні Прибрежное және Шаховское ауылдарында Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті.
Ауыл тұрғындары мен қонақтары Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алып, олардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
Іс-шара барысында ауылдық округ әкімі Даурен Сәкенұлы Рамазанов , Озерный орта мектебінің директоры Саян Ахметжанұлы Нұрмұқанов және Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Зейнеп Қабдоллақызы Таныбаева тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Өз сөздерінде олар ардагерлердің ерлігін ұмытпау, тарихи жадымызды сақтау маңызды екенін атап өтіп, жеңіс ұрпағына алғыстарын білдіріп, баршаға бейбітшілік, амандық және бірлік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-pribrezhniy/press/news/details/1219683?lang=kk

Жауап қалдыру