Шыңғырлау аудандық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шыңғырлау аудандық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты, аудандық (аумақтық) 1 бос орына, № 4 – 1, № 5 – 1, № 7 – 2, округтік, № 402 – 2, № 408 – 1, № 417 – 1, № 419 -1, № 423 – 1, және учаскелік сайлау комиссиясы  құрамдарының бос орындарына ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды. 

     Осыған байланысты саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды, Шыңғырлау ауданық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау 2026 жылдың 14 мамырынан 21 мамырына дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсыныстары қабылданады.

     Үміткерлер туралы ұсыныстарды аудандық мәслихаты, мына мекенжайда  Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі № 93 сағат 9-дан 18-ге дейін қабылдайды.

     Шыңғырлау аудандық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

     Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін аудандық мәслихатқа жолдайды және оған мына құжаттарды жалғайды:   

    1)  тиісті сайлау комиссияларының құрамына кондидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау крмиссиясының шешімінен үзінді көшірме;    

     2) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті олардың немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    3) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

                         

                                                 Аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/chingirlau-maslihat/press/news/details/1219835?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді