Бүгін Н.К.Макраевтың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті XLIV сессиясы өтті. Сессия жұмысына Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Туйебаев, мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдар, поселкелер  және ауылдық округтердің әкімдері,    сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырыс барысында депутаттар 2025 жылға арналған қалалық және ауылдық бюджеттердің атқарылуын қарады, Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының ресми қорытындысын, сондай-ақ қалалық мәслихаттың бейінді комиссиясының төрайымы М.Д. Маликова ұсынған анықтаманы тыңдады.

Өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, шығыстар оңтайландырылды. Үнемделген қаражат мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны төлеуге әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын беруге бағытталатын болады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1219917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді