
Абай облысында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында екі күн ішінде 163 шаруа қожалығы тексерілді.
12-17 мамыр аралығында өтіп жатқан іс-шараға полиция қызметкерлері мен 52 ветеринариялық қызмет маманы жұмылдырылған. Негізгі мақсат — мал ұрлығының алдын алу, осы бағыттағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ ауылдық жерлердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Шара барысында екі күн ішінде 74 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілді. Сонымен қатар криминалдық полиция қызметкерлері 163 шаруа қожалығын және ет өнімдерін өткізетін 86 орынды тексерді.
Іс-шара аясында құқық қорғау органдары мен ветеринариялық қызмет өкілдері үй жануарларын ұстауға қатысты заң талаптарының сақталуын бақылауға алып, ауыл тұрғындары арасында профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға және мал ұрлығының алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1220217?lang=kk

Жауап қалдыру