АУДАН ӘКІМІ «AMANAT»-ТА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың талап-тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдады.

✔️Қоғамдық қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім және мекеме басшылары, сала мамандары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

✔️Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй алу және оның кезегі, электр желілері, әлеуметтік көмек, каналды бетондауға қатысты бірқатар өтініштер айтылды. Сонымен қатар, аудан әкімі алдын ала жазылмаған, тізімнен тыс келген тұрғындарды да қабылдап, олардың мәселелеріне назар аударды.

✔️Сала мамандары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша заң аясында түсіндірмелер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

✔️Қоғамдық қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жіті назарда болатынын атап өтіп, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, айтылған өтініштердің заң талаптарына сәйкес уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1220536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді