Аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Аскарова Ж.А. қаржы бөлімінің басшысы Пятышева И.В.-мен бірлесіп, қалалар, кенттер және ауылдық округ әкімдерімен, сондай-ақ дербес бөлімдердің басшыларымен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес барысында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, заңнамадағы өзекті өзгерістер мен талаптар, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, тиімділігін және заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу, адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кеңес қатысушыларына мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1220770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді