Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтуде. «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған бұл алқалы жиын Қазақстан Республикасының төрағалығымен ұйымдастырылып, түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталды.
Бұл маңызды кездесуге ұйымға мүше мемлекеттер — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің президенттері қатысады. Сонымен қатар, саммит жұмысына бақылаушы елдер ретінде Түрікменстан мен Мажарстан (Венгрия) өкілдері де шақырылған.
«Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған бұл алқалы жиын аясында қарқынды дамып келе жатқан цифрлық дәуірдегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен басым бағыттарын жан-жақты талқылау үшін ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары, бақылаушы елдердің жоғары лауазымды өкілдері мен Ұйымның Бас хатшысы бас қосады. Сондай-ақ, жиынға Ақсақалдар кеңесі мен Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері де қатысады.
Бұл бейресми саммит түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық диалогты өркендетудің маңызды тұғырына айналмақ. Саммиттің негізгі міндеті — жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу арқылы тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу, мемлекеттік басқаруды сапалы деңгейге көтеру және өңірлік өзара байланысты нығайту болып табылады.
Саммиттің Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістанда өтуі түркі халықтарының ортақ тарихи-рухани мұрасын дәріптеп, бауырлас елдер арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың символына айналмақ.
Жауап қалдыру