Технологияға сүйенген егіс және рекордтық өнім: СҚО жаңа аграрлық маусымға қалай кірісіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешені Қазақстан экономикасының негізгі тіректерінің бірі болып қала беретінін және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқаратынын бірнеше рет атап өтті. Республиканың басты астықты өңірлерінің бірі саналатын СҚО биыл да ауқымды әрі технологиялық егіс науқанына басымдық беріп отыр.

Өңірде көктемгі дала жұмыстарының белсенді кезеңі жалғасуда. Егіс науқанына дайындық толық көлемде орындалды. Жалпы егіс алқабы – 4,3 млн га. Бұл ретте дәнді дақылдар алқабы 100 мың га қысқартылып, 2,9 млн га құрайды, ал майлы дақылдар алқабы 1 млн га жетті.

Бүгінгі таңда 778 мың гектардан астам жерге тұқым себілді. Дала жұмыстарына 10 мыңнан астам трактор, шамамен 14 мың сепкіш және 1,5 мың заманауи егіс кешені жұмылдырылған.

СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәурен Тоқужинов өңірде шаруашылықтардың техникалық базасын жаңарту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

«Биыл құны 136 млрд теңгеден асатын шамамен 3500 бірлік техника сатып алу жоспарланып отыр. Машина-трактор паркін жаңарту және заманауи егіс кешендерін енгізу жұмыстары жалғасуда», – деді ол.

Егіншілік мәдениетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде 400 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған, ал егіс науқанына 455 мың тонна кондициялық тұқым дайындалды. Жергілікті аграршыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Мәселен, облыс жеңілдетілген дизель отынымен толық қамтамасыз етілген. 2026 жылға 59 мың тонна жанар-жағармай бөлінді, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының бағасы литріне 281 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 15% төмен. Сала мамандары өңірдің аграрлық секторында заманауи технологиялар белсенді енгізіліп жатқанын да атап өтті.

«Бүгінде өңірдің ауыл шаруашылығы нақты егіншілік жүйелерін, агродрондарды, спутниктік мониторингті және шаруашылықтарды басқарудың цифрлық платформаларын белсенді пайдаланып отыр. Бұл өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Дәурен Тоқужинов.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша СҚО аграршылары рекордтық өнім жинады – орташа өнімділігі гектарына 21,4 центнер болған 6,6 млн тонна астық алынды. Майлы дақылдардың жалпы түсімі 1,3 млн тоннаны құрап, бұл өңір тарихындағы ең үздік нәтижелердің бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1221217?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді