Қордай аудандық күзет бөлімінің қызметкерлеріне Қақпатас және Қарақоңыз су қоймаларында шомылу маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында мамандар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, белгіленбеген орындарда шомылмау, балаларды қараусыз қалдырмау және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету тәртібін түсіндірді.
Жауап қалдыру