Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялықбақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялықбақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Еңбек медицинасы, гигиена және қоғамдық денсаулықсақтау: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен алдын алу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ауқымды іс-шара еңбек медицинасы, санитариялық қауіпсіздік, кәсіби аурулардың алдын алу және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын маңызды конференцияға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан,Тәжікстан, Польша және Ресей елдерінен келген ғалымдар, медицина саласының мамандары мен сарапшылар қатысты. Халықаралық деңгейдегі кездесуде заманауи сын-қатерлерге қарсы профилактикалық шараларды жетілдіру, халық денсаулығын қорғау және еңбек қауіпсіздігін нығайту бағытындағы тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер талқыланды.

Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы маңызды бастамалар жайлы айтылды. Конференция тәжірибе алмасуға және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзара әріптестікті нығайтуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1221355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді