
Әуезов ауданында күн сайын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан аумағында тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында күн сайын шамамен 90 орындық пен 90 қоқыс жәшігі сырланады.
Аталған жұмыстар ауданның қоғамдық кеңістіктерін күтіп ұстау, олардың эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың жайлы демалысына жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстары ауданның барлық аумағында тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1222888?lang=kk

Жауап қалдыру