
Астана қаласында дзюдодан 2012-2013 және 2014-2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында «JASTAR FIGHT CLUB» республикалық турнирі өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен 400-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде кентаулық жас спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Ділдабай Айқын 42 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленсе, Асылжан Мұхан +66 кг, Торлан Бағдат 35 кг және Дайрабаев Асылбек 38 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын алды. Нәтижесінде Кентау қаласының спортшылары 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегер спортшылар Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1223132?lang=kk

Жауап қалдыру