Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі. Қызметтік ортада кемсітушілікке, қорлауға, психологиялық қысым көрсетуге және жеке басына қолсұғушылықтың кез келген түріне жол берілмеуі тиіс.
Ұжымда өзара сыйластыққа, әділдікке және кәсіби әдеп нормаларын сақтауға негізделген қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру – тиімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтің кепілі. Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде әдептілік танытып, әріптестерінің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру қызметтік тәртіпті нығайтып қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Жауап қалдыру