
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында бекіре тұқымдас балықтарды, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау фактісін анықтады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 64 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді.
Кейін күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында қосымша 21 келіден астам балық, электронды таразы және жалпы салмағы 213 грамнан асатын гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1224474?lang=ru

Жауап қалдыру