
Достық үйінде Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаевтың өңір кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, сондай-ақ «Атамекен» палатасы мен бейінді ведомстволардың өкілдері белсенді қатысты.
Талқылаудың басты тақырыптары мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген қаржыландыру және әкімшілік кедергілерді төмендету болды.
Мемлекет пен бизнестің ашық өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында салықтық әкімшілендіру, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және сауда салаларындағы өзекті мәселелер көтерілді.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1224256?lang=ru

Жауап қалдыру