
Облыста бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиындары басталды.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық курсы бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту.
Жиын барысында жоғары сынып оқушылары саптық дайындықтан өтеді, әскери тәртіп негіздерін меңгереді, практикалық дағдыларын жетілдіреді және әскери қызмет жағдайларымен танысады.
Оқу-дала жиындары 30 оқу сағаты көлемінде ұйымдастырылып, бес күндік сабақ форматында күніне 6 сағаттан өткізіледі.
Практикалық іс-шаралар мектеп базаларында, сондай-ақ әскери бөлімдер жанындағы көшпелі шатырлы лагерьлерде жүргізіледі.
Биылғы жылы оқу-дала жиындарына облыстың 11 ауданынан және екі қаласынан 2495 оқушы қатысуда.
Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге АӘТД оқытушы-ұйымдастырушылары, әскери бөлімдердің өкілдері, запастағы офицерлер, медицина қызметкерлері, саптық және тактикалық дайындық нұсқаушылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мамандары тартылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1224961?lang=ru

Жауап қалдыру