Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2026» облыстық байқауы
2026 жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру деңгейін анықтау және озық кәсіби шеберлікті насихаттау.
Облыстық кезеңге шыққан үздік оқытушылар өздерінің жаңашыл әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды. Қатысушылар үш кезеңнен өтті:
1. В2 деңгейі бойынша этнос өкілдерімен жұмыс;
2. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану;
3. Оқытушының жеке жетістіктері.
Шемонаиха ауданыны әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы оқытушылары Бас жүлде және екінші орынды жеңіп алды. Бас жүлдеге Гульбану Муратбековна Керейбаева, ал екінші орынға Диана Сержанқызы Абдрасулова көтерілді. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-не көрсеткен қолдаулары үшін шын жүректен рақмет айтамыз! Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/1225282?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді