
Ақтау қаласында 12–17 мамыр аралығында гір спортынан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Азияның 9 елінен 400-ге жуық спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі тартысты жарыс көрсетті.
Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды облысы ТЖД авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Александр Комаров өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде «ұзын цикл» дисциплинасында Александр Комаров жоғары нәтиже көрсетіп, Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Бұл жеңіс — тынымсыз еңбектің, темірдей тәртіптің және жоғары дайындықтың нәтижесі. Спортшымызды айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1225346?lang=ru

Жауап қалдыру