
Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің газ-түтіннен қорғау буынында жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлермен арнайы жылу-түтін камерасында тәжірибелік жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – қызметкерлердің кәсіби дайындықтарын жетілдіру, түтінге толы және жоғары температура жағдайындағы іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ өрт немесе өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдыларын дамыту. Жаттығу барысында қызметкерлер арнайы тыныс алу аппараттарын пайдаланып, тыныс алуға қолайсыз ортада жұмыс атқарып, зардап шеккендерді іздеу және қауіпсіз аймаққа шығару бойынша тапсырмаларды орындады. Мұндай жаттығулар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, төтенше жағдай кезіндегі тиімді әрекет ету қабілетін күшейтеді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1225577?lang=ru

Жауап қалдыру