18-22 мамыр 2026 жыл аралығында «Рецидивтің алдын алу» жобасы және «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Зеренді ауданы прокуратурасы аудандық полиция бөлімінің ПҚБ және ҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақытта тексеру жұмыстарын жүргізді.
Рейдтік іс-шара барысында есептегі тұлғалардың тұрмыс жағдайы, тіркелген мекенжайда болуы, сондай-ақ сотпен белгіленген шектеулерді сақтау талаптары тексерілді.
Сонымен қатар, есептегі тұлғалармен қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында профилактикалық және түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Заңнама талаптары, пробациялық бақылауды сақтау тәртібі, сондай-ақ белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Сонымен бірге, азаматтарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1225958?lang=ru

Жауап қалдыру