Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындау.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының полиция департаменті полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету.
- «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз ету тапсырылады:
осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыру;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Муканов
|
|
|
Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері көтермелеудің түрлері мен тәртібі
- Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері :
1) алғыс жариялау;
2) мақтау қағазымен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы төлеу;
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
5) ұйымда, кәсіпорында көтермелеу туралы ұсыныстарды жолдау;
6) құқық бұзушылықтарды алдын алуға елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік марапттама және құрметті атақпен марапаттау туралы ұсынысты еңгізу
7) көтермелеудің өзге де шаралары.
- Құқық бұзушылықты алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құратын комиссия қарайды.
- Комиссия қабылдаған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
- Ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.
- Ақшалай сыйақы төлеуді Полиция департаментінің бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
- Көтермелеулерді төлеуге қаражат Павлодар облысы Полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1226398?lang=ru

Жауап қалдыру